Жаңалықтар / ТІЛ-ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ-ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

№176 орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арнап ТІЛ-ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ атты үштілде іс-шара өткізілді.


Бастауыш бірлестігі және қазақ тілі мен әдебиеті , орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен бүгінгі шара өз деңгейінде өтті.


Оқушылар ана тілі туралы және Абай өлеңдерін үштілде мәнерлеп оқыды.Жүргізушілер жиын барысында биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы аталып өтілетінін, ақын Ахмет Байтұрсыновтың туған күні, сондай-ақ 5 қыркүйек халықаралық тілдер мерекесі екенін айтып тоқталып өтті.


Жиында оқушылар Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа оқуда аса белсенділік танытты. Оқушыларға жасанды интеллект арқылы тілдің құдіреті мен мәртебесі туралы мәлімет беріліп, көрсетілді.Мерекелік жиын «Қазақстаным» атты әсем әнмен аяқталды.


Қыркүйек жалпықазақстандық ашық диктанттар күніне орай өзге ұлт өкілдерінен диктант жұмысы алынды.Жақсы жазылған жұмыстар сертификатталды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top