Жаңалықтар / Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп
Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп
11 қыркүйек күні #176 орта мектебінде «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Мақсаты – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.
Күн тәртібі:
1. Баланың қауіпсіздігі- ортақ жауапкершілік.
2. Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен білім алушылардың мектеп формасын сақтау мәдениеті.
3. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары.
4. Балалар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуда ата-ананың рөлі.
Жиналыс барысында ата-аналар өзара пікір алмасып, балалардың тәртібі, оқу үлгерімі, қауіпсіздігі және бос уақытын тиімді өткізуіне байланысты ұсыныстар айтты. Ата-аналар комитетін сайлап, оқу формасы жайлы ескертулер айтылып өтті .Жаңа оқу жылының жоспарымен танысты.Мұндай жұмыс ата-аналардың бір-бірімен жақын танысуына, пікірлесіп, ортақ көзқарас қалыптастыруына мүмкіндік берді.

