Жаңалықтар / ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
19 қыркүйек күні мектебімізде кәмелетке толмағандар арасында «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» тақырыбында ер балалар мен қыздарға жеке жиналыс өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларға лудомания, нашақорлық, буллинг, ақша жинау, бопсалау, топтық төбелес, білім беру ұйымдарына тыйым салынған заттарды әкелу мен пайдалану секілді заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіру және алдын алу.
Кездесуге қатысқандар:
-Мектеп директоры Садуова Майра Өмірзаққызы
-Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Сұлтамұратова Айжан Сұлтамұратқызы
-Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Балтабаев Мұхтар Оразбекұлы
— Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дарбаева Бақытжамал Сегізбайқызы
-сынып жетекшілер, мектеп психологтары;
Жиналыс барысында мамандар қоғамда орын алып отырған буллинг, киббербуллинг, сталкингке кеңінен тоқталып, қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен салдары талқыланды
Отбасындағы тәрбиенің рөлі туралы маңызды ойлар айтылды
Еркін форматта пікіралмасу, ой бөлісу түрінде ұйымдастырылған жиналыста оқушыларымыз өз ойларын ортаға салды, сұрақтар қойылды. Жиналыс соңында сала маманы Сұлтамұратова Айжан Сұлтамұратқызы қыздармен жеке пікірлесу ұйымдастырып, кеңесін ұсынды.
Заңды білмеу- жауапкершілктен құтқармайды. Тәртіп сақтау — қауіпсіздік!
Мектебіміздің оқушыларын құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын бірге атқаруға шақырамыз!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top