Жаңалықтар / Жолдағы тәртіп – өмір кепілі
Жолдағы тәртіп – өмір кепілі
22-қыркүйек күні «Жолдағы тәртіп – өмір кепілі» атты бастауыш сыныптар апталығының ашылуы болып өтті!
Балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін үйретіп, оларды сақтаудың маңыздылығын жеткізу – ең басты мақсатымыз.
Оқушыларымыз қызықты қойылымдар көрсетіп, жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым да маңызды қағидаларды еске салды.
Жол белгілерімен танысып, түрлі ойындар арқылы білімдерін шыңдады;
«Бағдаршам достары» атты көрініс балаларға ерекше әсер қалдырды;
«Абайлаңыз, балалар!» ұраны апталықтың басты айдарымен өрбіді.
Бүгінгі апталықтың ашылуында оқушылардың санасына жол ережесін сақтаудың өмір үшін қаншалықты маңызды екенін терең сіңірді.

