Жаңалықтар / Shadow Day – Дублер күні
Shadow Day – Дублер күні
«Shadow Day – Дублер күні» шарасы аясындағы бір күндік тәжірибе
9 қазан күні 9 сынып оқушылары “Қазсушар” ШЖҚ РМК “Сыр Суы” филиалының өндірістік цехында бір күндік жұмыс көлеңкесінде (shadowing) болып, мамандардың кәсіби қызметімен жақын танысты.
Оқушылар токарь, сварщик, механизатор шебері сынды маман иелерінің күнделікті жұмысын бақылап, қызықты ақпараттар алып, өндіріс саласындағы кәсіптің қыр-сырына үңілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын оятып, кәсіптік бағдар беру, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыттау.
«Мамандықты көзбен көріп, жүрекпен сезін!»

