Жаңалықтар / РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ҰЛЫ МЕРЕКЕСІ!
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ҰЛЫ МЕРЕКЕСІ!
25 қазан – Республика күні!
Бұл күн – халқымыздың тағдырындағы ерекше белес,
тәуелсіздіктің бастауы, ұлттық рух пен бірліктің символы.
№176 орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы, «Мектеп парламенті» барша Қазақстандықтарды ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ұлттық мереке — Республика күніне және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай, мектебімізде «Менің Қазақстаным» челленджі бастау алды.
Мақсаты:
Елімізге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін білдіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Челлендж аясында оқушылар, Қазақстан туралы өлең оқып, жүрекжарды тілектерін бейнеролик арқылы жеткізді.

