Жаңалықтар / ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ- ЕЛІМІЗДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ, ЦИФРЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІНІҢ ТІРЕГІ
«Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №176 орта мектебінде «МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» тақырыбында қала мектептеріндегі математика, физика, информатика пәндері мұғалімдерінің қатысуымен қалалық семинар болып өтті.
Семинарды мектеп басшысы Садуова Майра Өмірзаққызы ашып, семинардың мақсат-міндеті мен басымдықтарын айтып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Төрт бөлімде ұйымдастырылған семинардың бірінші бөлімінде «ЖИ-ді жауапты пайдаланудың мектепішілік кодексін» екі бағытта таныстырды. Бұдан соң математика, физика, информатика пәндері бойынша оқушылар мен пән мұғалімдері сарамандық, зертханалық жұмыстардың цифрлық тәжірибелерді көрсетті.
Екінші бөлім «ашық сабақтар шеруі» математика пәнінен М.Ерсұлтанова, физика пәнінен Г.Жұмаш, информатика пәнінен Ә.Бименовалардың ашық сабақтарымен жалғасты.
Математика-информатика, информатика – математикалық сауаттылық, цифрлық технология-математика бағыттары бойынша қызықты кіріктірілген шаралармен семинардың үшінші бөлімі өтті. Бұл бөлімде тәжірибелі, жаңашыл ұстаздар С.Қыпшақбаева мен Ә.Махашева, М.Әли мен Г.Әшімова, А.Алмағанбетовалар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың төртінші бөлімі қала мектептерінен келген қонақтарға арналды. Эмоционалдық интеллект- педагогтің кәсіби міндеттерін шешу құралы болып табылады. Осы орайда, мектеп педагог-психологы Қ.Бимұратова қызықты тренинг ұйымдастырып, мұғалімдерді бір сергітіп алды. Жаңашыл ұстаз М.Жанабілдің «AL COMIC LAB» тақырыбындағы шеберлік сағатымен семинар жұмысы қорытындыланды.
Қала мектептерінен келген қонақтар семинар жұмыстарын жақсы бағалап, мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, естелік суреттерге түсті.

