Жаңалықтар / БАБАЛАР СӨЗІ — ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
БАБАЛАР СӨЗІ — ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қала мектептерінің 7, 8 — сынып оқушылары арасында «Бабалар сөзі – ұрпаққа үлгі» атты мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.
Байқауда № 176 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Әли Арзу «Жанқожа батыр» жырын жатқа мәнерлеп оқып, «БАС ЖҮЛДЕНІ» иеленді.
Бабалар аманаты – жүрекке медет, ойға өріс, рухқа күш. Осындай тағылымды шара жас ұрпақтың тіл байлығын арттырып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятады.
Байқауға қатысқан оқушыларымыздың өлеңді жүрекпен жеткізуі, сөзге деген құрметі бізді қуантты. Әр бала – ұлттық рухтың жалғасы, асыл сөздің аманатшысы.
Рухани байлығымызды дәріптей берейік!
АРЗУДЫ үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтап, талай биік белесті бағындыруға СӘТТІЛІК тілейміз!!!

