Жаңалықтар / Балалар әдебиетінің бәйтерегі
20-қараша күні «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында
Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында Сапарғали Бегалинге арналған сыныптан тыс шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмір жолы, шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері туралы мәлімет алды. «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» сияқты туындыларынан үзінділер оқылып, шағын сахналық көріністер қойылды.
Шара аясында викториналық сұрақтар, пікір алмасу ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Оқушылар жазушы шығармаларындағы адамгершілік, еңбекқорлық, табиғатты сүю секілді құндылықтардың маңызын түсініп, өз ойларын ортаға салды.
Өткізілген шара оқушылардың әдеби талғамын қалыптастыруға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.

