Жаңалықтар / Гендерлік зорлық-зомбылықсыз 16 күн
Гендерлік зорлық-зомбылықсыз 16 күн
«Гендерлік зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс шарасы аясында 8-11 сынып қыздары арасында
Қызылорда ҚПБ ҚҚб ОТЗЗҚКҚб аға инспекторы полиция майоры Ишниязова Инабат, Арынгзаиева Рудаба түсіндірме жұмысын жүргізді.
Қыздар зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарымен және өз құқықтарымен танысты.Қауіпсіздік бойынша ұсыныстар берілді.Қажет болған жағдайда оқушылар мектеп психологына жүгіну керектігі айтылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға қандай да бір зорлық-зомбылыққа куә болған жағдайда немесе өздері жәбірленуші болса, бірден ата-анаға, мектеп әкімшілігіне немесе полицияға хабарлау қажеттігін айтты. Сонымен бірге, өзара құрмет, түсіністік, достық қарым-қатынас және барлық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Мектеп педагог психологы Б.Абиева «Өзін өзі бағалау- тұлғалық дамудың кепілі»тақырыбында қыздарға кеңес берді.

