Жаңалықтар / Бала тәрбиесі — мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі
Бала тәрбиесі — мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі
18-желтоқсан күні №176 орта мектебінде «Бала тәрбиесі — мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі» тақырыбында мектепішілік ата — аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде
1.» Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда отбасының рөлі;
2. Балалар арасында суицидтің, буллинг
және әлімжеттіктің алдын алу, болдырмау;
3.Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, зорлық -зомбылықтың алдын алу.
4.Пиротехникалық заттарды пайдалануға тыйым салу.
Жиналыс барысында ата-аналарға
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асу барысы,
мектептегі ішкі тәртіп ережелері, білім алушылар арасында кездесетін құқықбұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары және кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, балалардың сабаққа қатысуы, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігі, зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Қысқы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіздікті сақтау, мұз, өрт және жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды пайдаланбау, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызылорда ҚПБ ҚҚБ ЮПб УПИ-ры полиция аға лейтенанты М.Балтабаев
құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жөнінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің баптарына түсіндіріп өтті.
Ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмау, олардың күнделікті әрекеттеріне назар аудару, тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты әңгімелер жүргізу қажеттігі айтылды.

