Жаңалықтар / Сыбайлас жемқорлық – қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – қауіпті құбылыс

19 қаңтар күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті құбылыс» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы танымдық сабақ ұйымдастырылды.  

Мақсаты – өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зиянды әсері мен оны жою жолдары туралы ақпараттандыру. Әрбір азаматтың осы бағыттағы рөлі мен жауапкершілігін түсіндіру, сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңыздылығын насихаттау. 

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің арнайы өкілдері қатысты. Мамандар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы баяндады. Оқушылар назарына «Адал ұрпақ-жарқын болашақ» атты кітап көрмесі ұсынылды. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top