Жаңалықтар / КІТАП – САРҚЫЛМАС БҰЛАҚ
КІТАП – САРҚЫЛМАС БҰЛАҚ
Халықаралық балалар кітабы күніне орай 4- сыныптарда «Кітап — сарқылмас бұлақ» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақта кітаптың адам өміріндегі маңызы мен рөлі кеңінен талқыланды.
Мақсаты:
– Оқушыларға кітаптың маңыздылығын түсіндіру
– Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
– Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру
Кітап – білімнің қайнар көзі, адамды ойлануға, ізденуге, дұрыс шешім қабылдауға жетелейтін сарқылмас бұлақ екені түсіндірілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар кітаптың пайдасы туралы пікір алмасып, өздері оқыған шығармаларымен бөлісті, мақал-мәтелдер айтып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, кітапты күтіп ұстау, оны құрметтеу мәдениеті жайлы түсінік берілді.

