Жаңалықтар / Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын арттыру – сапалы білім мен саналы тәрбие кепілі.

Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын арттыру – сапалы білім мен саналы тәрбие кепілі.
Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктері мен мәселелерін талқылау, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмысты жетілдіру мақсатында 2026 жылдың 03 сәуір күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:
1.»Жауапты ата-ана — бақытты бала» тренинг
2.III оқу тоқсанының оқу тәрбие үдерісімен таныстыру;
3. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау, қауіпсіздік ережелерін сақтау;
4. «Менің балам жеткіншек.
Мен не білуім маңызды?»
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сыныптардағы оқу процесінің ұйымдастырылуы, III тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасына тоқталып, ата -аналарға жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау мәселелері бойынша жоғарғы сынып оқушыларының беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуін, тәртіпті бұзбауын, ата -аналар тарапынан қатаң қадағалауы,
қауіпсіздік ережелерін сақтау (жолда жүру, интернет қауіпсіздігі, тұрмыстық қауіпсіздік) мәселелері қарастырылды.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды. Кейбір ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен алмасты.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top