Жаңалықтар / Бір кітап – бір әлем
Бір кітап – бір әлем
Мектебімізде 10 сәуір күні «Бір кітап – бір әлем» тақырыбында мектепішілік видеочеллендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы бейнероликтер түсіріп, кітаптың мазмұны мен ондағы кейіпкерлер әлемін ерекше форматта таныстырды. Әрбір қатысушы кітап арқылы ашылған жаңа әлеммен бөлісіп, өз ой-пікірлерін шығармашылық тұрғыда жеткізе білді.
Видеочеллендж оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың кітапқа деген қызығушылығы мен ізденісін арттыруға ықпал етті.

