Жаңалықтар / Мектебімізде 7-сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау және тәртіпті сақтауға тәрбиелеу мақсатында сыныптан тыс шара өткізілді.
Мектебімізде 7-сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау және тәртіпті сақтауға тәрбиелеу мақсатында сыныптан тыс шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар бірнеше бекеттерден өтіп, «Құқықтық сұрақтар», «Жағдаятты шешу», «Заңды білесің бе?», «Тәртіп ережелері» сияқты кезеңдер бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындады.
Оқушылар заңға қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі өмірлік жағдайларды талдап, өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, құқықтық білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігі түсіндірілді.

