Жаңалықтар / Ғылым әлемі

Ғылым әлемі
Мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 21 сәуір күні «Ғылым әлемі» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында сурет салу байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Қатысушылар өз қиялдары мен білімдерін ұштастыра отырып, ғылым мен техниканың дамуы, ғарыш әлемі, болашақ технологиялар және табиғат құбылыстары тақырыптарында суреттер салды.
Байқау барысында оқушылардың шығармашылық жұмыстары бағаланып, олардың идеяларының жаңашылдығы, суреттің мазмұны мен көркемдік деңгейі ескерілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің ерекше қабілеттерін көрсете білді.
Қорытындысында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top