Жаңалықтар / Әуезовті оқу – ұлтты тану!
Әуезовті оқу – ұлтты тану!
«Мұхтар Әуезов – ұлы тұлға» атты библиомикс шарасы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетке құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оқушылар оның көрнекті туындыларына шолу жасады.
Шара барысында оқушылар жазушы мұрасының тереңдігіне бойлап, оның қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін түсінді. Библиомикс оқырман мәдениетін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор ықпал етті.

