Жаңалықтар / «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚ
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында мектебімізде «Мектептегі буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Болатқызы Аружан 7-10 сынып оқушыларына сабақтар өткізді.Сабақ барысында бейнекөрсетілімдер, ағартушылық жұмыстар жүргізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллинг пен кибербуллинг ұғымдарын түсіндіру, олардың зияны мен салдарын ұғындыру, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын үйрету.
Сабақ барысында оқушыларға буллингтің түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік) және кибербуллингтің (әлеуметтік желілер арқылы қорлау, жалған ақпарат тарату, қорқыту) ерекшеліктері түсіндірілді. Түрлі мысалдар келтіріліп, жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, оқушыларға бір-біріне құрметпен қарау, қиын жағдайда көмек сұрау, сенім телефондары мен мектеп психологына жүгіну қажеттілігі айтылды.
Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, буллингке қарсы көзқарастарын қалыптастырды.
Қорытындылай келе, аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top