Жаңалықтар / Бірлігі жарасқан Қазақстан

Бірлігі жарасқан Қазақстан

30 сәуір күні мектебімізде  «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында  сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушыларға халқымыздың бірлігі мен татулығын насихаттау, патриоттық сезімдерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

      Оқушылар белсене қатысып, өз туындылары арқылы қазақ халқының достығы, ынтымағы, салт-дәстүрі мен бейбіт өмірін бейнеледі. Оқушылардың жұмыстары мазмұндылығы, көркемдігі және тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағаланды. 

Байқау барысында ерекше көзге түскен оқушылар марапатталып, үздік жұмыстар мектеп қабырғасына көрме ретінде ілінді.  

Шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, бірлік пен татулықтың маңызын түсінуге ықпал етті. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top