Жаңалықтар / Отты ойдың иесі – Баубек

Отты ойдың иесі – Баубек

№176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 8 мамыр күні қазақтың қайсар қаламгері, жалынды публицист Баубек Бұлқышевтің 110 жылдығына арналған «Отты ойдың иесі – Баубек» тақырыбында кітапханашы сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Баубек Бұлқышевтің өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру, оның елжандылыққа толы еңбектері арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Кітапханашы қаламгердің өмірі, шығармашылық мұрасы туралы мәлімет беріп, еңбектеріне тоқталды. Оқушылар ақынның жалынды сөздерімен танысып, кітап көрмесін тамашалады.

Шара барысында қатысушылар Баубек Бұлқышевтің ерлікке толы өмірі мен шығармалары жөнінде ой бөлісіп, рухани әсер алды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top