Жаңалықтар / Мен – Отан қорғаушымын
Мен – Отан қорғаушымын
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепте «Мен – Отан қорғаушымын!» атты челлендж ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және ел қорғаушыларға құрмет көрсету.
Челлендж барысында қатысушылар «Мен Отанды қалай қорғаймын?» тақырыбында өз армандары мен болашақтағы мақсаттарын айтып, елге қызмет етуге дайын екендіктерін көрсетті.

