Жаңалықтар / Мектеп асханасында оқушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасы

Мектеп асханасында оқушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасы

2026 жылдың 18- мамыр күні мектеп асханасында оқушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында комиссия мүшелерімен бірлескен зерделеу-бақылау жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында асхана қызметкерлерінің санитарлық талаптарды сақтауы, азық-түлік өнімдерінің сақтау мерзімі мен сапасы, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігі жан-жақты қарастырылды.

Тексеру нәтижесінде мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық, асхана іші таза әрі жарық, санитарлық жағдайы талапқа толық сәйкес келеді.

Дайындалған тағамдардың сапасы жақсы, дәмі талапқа сай, тағамдар белгіленген мөлшерде әрі уақытылы беріледі.Сонымен қатар, ас мәзірі бекітілген күнделікті рационға сәйкес ұйымдастырылған. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау тәртібі толықтай қадағаланып отыр.

 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top