Жаңалықтар / БІЛІМІМ – ОТАНЫМА

БІЛІМІМ – ОТАНЫМА

№176 орта мектебінде 1-11 сынып оқушылары арасында «Білімім – Отаныма» тақырыбында тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өткізілді.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндіру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.

Сабақ барысында оқушылар Отан, білім, еңбек және ел болашағы туралы өз ойларын ортаға салып, патриоттық бағыттағы бейнероликтер тамашалап, тәрбиелік мәні зор пікірталастар мен сұхбаттарға қатысты.

Сонымен қатар 2025-2026 оқу жылы қорытындыланып, оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан белсенді оқушылар марапатталды. Үздік нәтиже көрсеткен шәкірттерге алғыс білдіріліп, мақтау қағаздары табысталды.

Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top