Жаңалықтар / МЕКТЕБІМ,САҒАН МЫҢ АЛҒЫС

МЕКТЕБІМ,САҒАН МЫҢ АЛҒЫС

№176 орта мектебінде

“Мектебім,саған мың алғыс!” тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Мектеп басшысы Садуова Майра Өмірзаққызы бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, жарқын болашаққа сенім білдірді.

Мерекелік шараға Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Баймаханова Гүлнәр Бұрханқызы, Тасбөгет кенті әкімінің бас маманы Дәріқожаев Мұрат Орақбекұлы және ардагер ұстаздарымыз Байманов Аманжол Байманұлы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Шаймағанбетова Қадіркүл Бердібек қызы арнайы қатысып түлектерге ізгі тілектерін арнап, үлкен өмірге қадам басқан жастарға сәттілік тіледі.

Қанат қаққалы тұрған 44 түлегімізге ақ жол тілеп, ұстаз бен ата-ананың еңбегі дәріптелген , жүрекке жылу ұялатқан мектеппен қоштасу кеші көңілге қимастық сезім ұялатқандай.

Биылғы оқу жылында мектебіміздің мақтанышына айналған:

1 «Алтын белгіге» үміткер;

2 «Үздік аттестат» үміткерлері түлеп ұшқалы отыр.

Бұл – шәкірттеріміздің талабы мен ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Мектеп — тек білім ордасы емес, үлкен өмірге бастар қасиетті шаңырақ.

Салтанатты жиында оқу жылының жетістіктері қорытындыланып, үздік мұғалімдер марапатталды.

Түлектерге – ақ жол, оқушыларға – жарқын демалыс, ұстаздарға – шығармашылық табыс тілейміз!

Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!

Барша түлектерге сәттілік!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top