Жаңалықтар / Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын
Құрметті ата-аналар!
Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
Баланың амандығы мен қауіпсіздігі – әрқашан басты назарда болуы тиіс маңызды мәселе. Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған қауіпсіздік жадынамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Осы бағытта мектеп тарапынан оқушылар мен ата-аналар арасында:
судағы қауіпсіздік;
жол қозғалысы ережелері;
өрт қауіпсіздігі;
интернет қауіпсіздігі;
бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелері;
жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Баланың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз!

