Жаңалықтар / Достық күн

Достық күн

№176 орта мектеп жанындағы «Сыр самалы» жазғы лагері

«Достық күні» аясында лагерь тәрбиеленушілері үшін қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар достықтың қадірін түсініп, бір-біріне қамқорлық көрсету мен өзара сыйластықтың маңызын ұғынды.

Көңілді ойындар мен танымдық шаралар барысында оқушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Достыққа арналған тапсырмалар мен ойындар балалардың ұйымшылдығын арттырып, жаңа достар табуына мүмкіндік берді.

Күннің негізгі іс-шарасы ретінде оқушылар облыстық мұражайға саяхат жасады. Экскурсия барысында балалар өңірдің тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтары туралы көптеген мағлұмат алды. Мұражай қызметкерлері тарихи жәдігерлер мен құнды экспонаттар жайында қызықты ақпараттар беріп, танымдық бағыттағы экскурсия жүргізді. Оқушылар туған өлкенің өткені мен бүгіні туралы білімдерін толықтырып, тарихи мұраларға деген қызығушылықтарын арттырды.

Достық – татулықтың, бірліктің және мейірімділіктің негізі. Осындай игі құндылықтарды дәріптеген күн балаларға ерекше әсер сыйлады.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top