Жаңалықтар / 1-сыныпқа бейімделу: ата-ананың рөлі
№176 мектебінде 2026-2027 оқу жылында 22 сәуір күні 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарының қатысуымен «1-сыныпқа бейімделу: ата-ананың рөлі» тақырыбында 4-сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналарға баланың мектепке бейімделу кезеңіндегі ерекшеліктерін түсіндіру және қолдану жолдарын түсіндіру.
«Танысу шеңбері» айдарын Нұртазина Эльмира «Жаңбыр тамшылары» әдісі арқылы жүргізді.
«1-сыныпқа бейімделу кезеңі,қиындықтар және ата-ананың рөлі» тақырыбында Әбдіқадырова Шынар мини-дәріс оқып, қазақ тілі пәні бойынша «Сиқырлы қорап» әдісін қолданып топтық жұмыс жасады.
Бәймішева Күнімхан математика пәні бойынша топтық жұмыс және «Бала көзімен қара» кезеңінде жаратылыстану пәнінен практикалық жұмыс көрсетті.
Ата-аналар өткізілген шеберлік сағаты көңілдерінен шығып, жақсы пікір білдірді.

