Жаңалықтар / Тәуелсіздік негізі – бірлік пен ынтымақ
Тәуелсіздік негізі – бірлік пен ынтымақ
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік негізі – бірлік пен ынтымақ» тақырыбында 1-11сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын түсіндіру, ел бірлігі мен ынтымағының тәуелсіз мемлекет үшін басты құндылық екенін ұғындыру, отансүйгіштікке, татулыққа және елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен келісім туралы мәліметтер берілді. Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, ой-пікірлерін білдірді, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Бірлік пен ынтымақтың ел болашағы үшін маңызы талқыланды.
Тәрбие сағаттарының 10 минуты қауіпсіздік сабақтарына арналды. Оқушыларға өмір қауіпсіздігі, жол ережесі, төтенше жағдайлардағы әрекеттер мен жеке қауіпсіздік туралы маңызды ақпараттар түсіндірілді.
Тәрбие сағаты жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға бағытталды.
Тәуелсіз елдің болашағы – рухы биік ұрпақ!

