Жаңалықтар /176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен көктемгі демалыс аясында «Көктеммен бірге – кітап әлеміне саяхат» тақырыбында әдеби-ойын іс-шарасы өткізілді.
176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен көктемгі демалыс аясында «Көктеммен бірге – кітап әлеміне саяхат» тақырыбында әдеби-ойын іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Әдеби-ойын барысында оқушылар түрлі танымдық тапсырмалар орындап, қызықты сұрақтарға жауап беріп, кітап әлеміне саяхат жасады.
Шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын кезеңдері қызықты әрі тартымды өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

