Жаңалықтар / 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары
2025 жылдың 29-тамыз күні «2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске мектеп директоры Садуова Майра Өмірзаққызы төрағалық етті. Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен бейнеролик көрсетілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Жаңа оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары;
Жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері,этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық;
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асыру тетіктері;
Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы;
Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы;
Кеңес барысында маңызды ұсыныстар айтылып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар талқыланды.
Жаңа оқу жылы табысты жыл болсын!

