Жаңалықтар / 22 сәуір күні №176 орта мектебінде оқушыларға «Хулиган-ка» докудрамасы көрсетілді.
22 сәуір күні №176 орта мектебінде оқушыларға «Хулиган-ка» докудрамасы көрсетілді.
Аталған туындыда жасөспірімдер арасындағы буллинг, қатыгездік және оның салдары шынайы өмірмен байланыстыра бейнеленген.
Көрсетілім барысында оқушылар фильмде көтерілген өзекті мәселелердің мән-мағынасын терең түсініп, адамгершілік құндылықтар, өзара сыйластық пен қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Фильм жас ұрпақты ойлануға, әр ісіне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ өмірде дұрыс таңдау жасауға жетелейді.

