Жаңалықтар / 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні

2025 жылдың 4 қыркүйек күні №176 орта мектебінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай 5-7 сынып оқушылары арасында  «Тіл – татулық тірегі»  тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

      Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ана тілін сүюге тәрбиелеу және Қазақстанда өмір сүретін әр ұлттың тіліне деген сыйластығын қалыптастыру. 

       Тәрбие сағаттарында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегі таныстырылды,  Тіл туралы нақыл сөздер, өлеңдер оқылды;  «Туыңды таны», «Жұмбақ шешу», «Ой бөліс» сынды ойындар ұйымдастырылды.  Оқушылар тәрбиелік мәні бар іс шараға белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Бүгінгі өткізілген шара – ана тілімізге деген құрметтің көрінісі. 

       Ұлттың ғылым-білімге көзін ашқан  данасы, рухани тұлға тұтып ұлықтар ұлт ұстазы –  Ахметі бар қазақ жұрты қандай бақытты! Қасиеті терең, құнары мол қазақ тілін өз мәнінде қолданып, жат тілге тәуелді болмай болашақ жас ұрпаққа жеткізу азаматтық парызымыз. тәуелсіздігіміз тұғырлы, тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top