Жаңалықтар / Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» жоспарына сәйкес, Еңбек күніне орай 1-11 сыныптар арасында «Адал еңбек-адамдықтың белгісі», «Еңбекқорлық табыстың кілті», «Еңбек түбі береке» тақырыптарында 22-26 қыркүйек күндері тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. 

Сынып жетекшілер оқушыларға еңбектің маңыздылығы, адам өміріндегі орны және табысқа жетудің жолы ретінде еңбекқорлық туралы мазмұнды түсінік берді. 

Іс-шара барысында: – «Еңбек – қуаныш, еңбек – ырыс» тақырыбында әңгімелер жүргізілді; 

– Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, еңбек туралы өлеңдер оқыды; 

– Өз ата-аналарының еңбегі жайлы әңгімелеп, еңбекке құрмет көрсету керектігі айтылды. 

Тәрбие сағаты балаларға адал еңбек ету, ата-ана мен ұстаз еңбегін бағалау, еңбекқор болудың қадір-қасиетін ұғынуға ықпал етті. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top