Жаңалықтар / Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» жоспарына сәйкес, Еңбек күніне орай 1-11 сыныптар арасында «Адал еңбек-адамдықтың белгісі», «Еңбекқорлық табыстың кілті», «Еңбек түбі береке» тақырыптарында 22-26 қыркүйек күндері тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Сынып жетекшілер оқушыларға еңбектің маңыздылығы, адам өміріндегі орны және табысқа жетудің жолы ретінде еңбекқорлық туралы мазмұнды түсінік берді.
Іс-шара барысында: – «Еңбек – қуаныш, еңбек – ырыс» тақырыбында әңгімелер жүргізілді;
– Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, еңбек туралы өлеңдер оқыды;
– Өз ата-аналарының еңбегі жайлы әңгімелеп, еңбекке құрмет көрсету керектігі айтылды.
Тәрбие сағаты балаларға адал еңбек ету, ата-ана мен ұстаз еңбегін бағалау, еңбекқор болудың қадір-қасиетін ұғынуға ықпал етті.

