Жаңалықтар / Бақытсыз Жамал
Бақытсыз Жамал
13 қараша күні №176 мектеп кітапханасында қалалық №1 кітапханамен бірлесе отырып, қазақтың ұлтжанды жазушысы Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романына арналған әдеби талқылау сағаты өткізілді.
Іс-шараға 8 “Ә” сынып оқушылары қатысып, романның тақырыбы мен көтерген әлеуметтік мәселелері жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Талқылау барысында оқушылар М.Дулатовтың қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармашылық мұрасын тереңірек танып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Мұндай әдеби кездесулер оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени дамуына ықпал етеді.

