Жаңалықтар / Өзіңді тану. Өмірді тану

Өзіңді тану. Өмірді тану

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» акциясы аясында 28 қараша күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінде мектеп педагог психологы Б.Абиеваның және бөлім мамандарының қатысуымен 9 сынып  қыздарына арналған тренинг өтті. 

Шара барысында қатысушылар өзіндік бағалау, жеке шекара, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және өмірлік маңызды таңдау жасау мәселелерін талқылады. 

«Өзіңді танығаның — өмірді танығаның» деген түсінікке сай, тренингтің мазмұны қыздардың ішкі күшін, өзіне деген сенімін арттыруға бағытталды.                                           

Осы ретте халқымыздың «Өзіңді сыйласаң, өзге сыйлайды» деген мақалы шараның негізгі идеясын айқын көрсетіп, қатысушыларға өз қадірін білу мен дұрыс шешім қабылдаудың маңызын ұғындырды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top