Жаңалықтар / «STAND UP Абайдан мотивация»
23 қаңтар күні №176 орта мектебі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы білім алушылардың рухани дамуын қолдау, өзіне сенімін арттыру және өмірлік мақсат қоюына ықпал ету мақсатында «STAND UP: Абайдан мотивация» атты мотивациялық рухани іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдерінен алынған мотивациялық ойлар заманауи форматта ұсынылды.
Қатысушылар Абайдың еңбек, білім, талап, жігер, ар-ождан туралы нақылдарын тыңдап, олардың бүгінгі өмірмен байланысы ашып көрсетілді.
Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олар өз ойларын еркін білдіріп, рухани серпіліс алды.
Көпшілік Абай мұрасының қазіргі жастар үшін де маңызды мотивациялық күш екенін сезініп, өзін-өзі дамытуға деген ынтасы артты.
«STAND UP: Абайдан мотивация» іс-шарасы білім алушылардың рухани құндылықтарын нығайтуға, саналы ойлауына және болашаққа сеніммен қадам жасауына оң әсерін тигізді.

