Жаңалықтар / «STAND UP Абайдан мотивация»

«STAND UP Абайдан мотивация»

23 қаңтар күні №176 орта мектебі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы білім алушылардың рухани дамуын қолдау, өзіне сенімін арттыру және өмірлік мақсат қоюына ықпал ету мақсатында «STAND UP: Абайдан мотивация» атты мотивациялық рухани іс-шара ұйымдастырылды.  

Іс-шара барысында ұлы ойшыл, ақын  Абай Құнанбайұлының  қара сөздері мен өлеңдерінен алынған мотивациялық ойлар заманауи форматта ұсынылды.  

Қатысушылар Абайдың еңбек, білім, талап, жігер, ар-ождан туралы нақылдарын тыңдап, олардың бүгінгі өмірмен байланысы ашып көрсетілді. 

Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олар өз ойларын еркін білдіріп, рухани серпіліс алды.  

Көпшілік Абай мұрасының қазіргі жастар үшін де маңызды мотивациялық күш екенін сезініп, өзін-өзі дамытуға деген ынтасы артты. 

 «STAND UP: Абайдан мотивация» іс-шарасы білім алушылардың рухани құндылықтарын нығайтуға, саналы ойлауына және болашаққа сеніммен қадам жасауына оң әсерін тигізді. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top