Жаңалықтар / СТУДЕНТ пен ҰСТАЗ сабақтастығы

СТУДЕНТ пен ҰСТАЗ сабақтастығы
Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті педагогикалық мамандықтағы студенттерді даярлап жатырған киелі қара шаңырақ.
Сондай студенттердің бірі — Физика-математика кафедрасының Ф-22-1 П/Я тобының студенттері Серікбаев Мұхамедәли мен Ғани Ерасыл . Олар 2026 жылдың 19.01–01.05 аралығында өткен педагогикалық іс-тәжірибе барысында №176 мектебінің 9«Ә», 9«Б» сыныптарымен жоғары деңгейде жұмыс атқарды.
Іс-тәжірибе кезінде олар өздерін жауапты, ізденімпаз, білімді әрі шәкірт жүрегіне жол таба білетін білікті болашақ маман ретінде көрсетті. Оқушылармен қарым-қатынасы ерекше жылы, сабырлы да сыпайы болды. Әрбір сабақты шығармашылықпен ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.
Мұхамедәли мен Ерасылдың еңбекқорлықтары, ұқыптылықтары мен ұйымдастырушылық қабілеттері олардың болашақта өз ісітерінің нағыз шебері боларына сенім ұялатады. Ұжыммен де тез тіл табысып, әріптестік мәдениетті жоғары деңгейде көрсете білді. Мұхамедәли 9«Б» сыныбында «Радиоактивтік. Радиоактивті сәулеленудің табиғаты», Ерасылдың 8«В» сыныбында «Жарықтың шығарылу заңы» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Студенттер ашық сабақтарында білім берудегі цифрлық платформаларды, ЖИ –ні тиімді пайдалана білді.
Осындай жауапкершілігі мол, білімге құштар, болашағынан зор үміт күттіретін болашақ әріптестерімізге алғысымыз шексіз!
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, кәсіби жолдарыңыз жарқын табыстарға толы болсын!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top