Жаңалықтар / Қош бол, Сыр самалы!

Қош бол, Сыр самалы!

№176 орта мектеп жанындағы «Сыр самалы» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанатына арналған «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Күн бойы балалар таңғы жаттығу жасап, мерекелік концертте ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар түрлі спорттық және дала ойындары ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер көтеріңкі көңіл күймен белсенді қатысты.

Лагерь барысында белсенділік танытқан балалар марапатталып, жетістіктері қорытындыланды. Балалар лагерьден алған әсерлерімен бөлісіп, ұмытылмас естеліктерін еске алды.

«Сыр самалы» лагері балаларға жарқын әсер, жаңа достар, қызықты сәттер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қош бол, «Сыр самалы»!

Келесі кездескенше!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top