Жаңалықтар / Абайла, жаяу жүргінші

Абайла, жаяу жүргінші

20-мамыр күні 7 «А» сыныбында «Абайла, жаяу жүргінші!» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін кеңейту, жол белгілерінің маңызын түсіндіру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі тапсырмалар арқылы білімдері бекітілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

«Жол белгілерін жіктеу» бөлімі

Берілген жол белгілерін оқушылар топтарға бөліп, олардың мағынасын түсіндірді. Әр белгіге талдау жасап, күнделікті өмірдегі қолданылуын анықтады.

«Жағдаятты талдау» бөлімі

Оқушыларға жолда кездесетін түрлі өмірлік жағдайлар ұсынылды. Әр топ қауіпсіз әрекеттерді анықтап, дұрыс шешім қабылдау жолдарын түсіндірді.

«Дұрыс па, бұрыс па?» тапсырмасы

Жол қозғалысына қатысты түрлі тұжырымдар ұсынылып, оқушылар олардың дұрыс немесе қате екенін анықтады және өз жауаптарын дәлелдеді.

«Суретпен жұмыс» бөлімі

Берілген суреттер бойынша оқушылар қауіпсіз және қауіпті жағдайларды анықтап, ережелердің сақталуы мен бұзылуына талдау жасады.

«Бейтаныс адамнан сақтан!» тапсырмасы

Қауіпсіздік сабағында оқушылар бейтаныс адамдармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, жағдаяттарға байланысты дұрыс әрекет ету жолдарын талқылады.

Сынып сағаты өте қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Оқушылар жол қауіпсіздігі мен жеке қауіпсіздіктің адам өміріндегі маңызын түсініп, өз білімдерін толықтырды.

«Қауіпсіздік – өмірдің басты құндылығы!»

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top