Жаңалықтар / АДАЛ ДОС — ШЫН ДОС

АДАЛ ДОС — ШЫН ДОС

15 желтоқсан күні  №176 орта мектебі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының тәлімгері «Адал дос – шын дос» акциясын өткізді.  

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың достыққа, адалдыққа, бір-біріне сенім білдіруге деген құндылықтарын дамытуға арналған іс-шара болды. Акция барысында оқушылар өзара сыйластық, көмек көрсету, шынайы достықты бағалау, өз сезімдері мен ойларын ашық білдіру дағдыларын меңгерді. 

Бұл акцияның мақсаты – әрбір оқушының әлеуметтік байланысын нығайту, достық қарым-қатынасты, адалдық пен сенімділікті тәрбиелеу, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік жасау. 

Нәтижесі: қатысушылар өзара түсіністік пен құрметке, адал дос болуға және қиын сәттерде қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top