Жаңалықтар / ҚАРИЯ — ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ
ҚАРИЯ — ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
Мектебімізде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған ашық тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты : оқушылар бойына халқымыздың асыл қасиеттерін дарытып, үлкенді құрметтеуге, ата дәстүрін қастерлеуге, инабаттылыққа тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағаттарында оқушылар қарттарға деген құрмет, ұрпақтар сабақтастығы және отбасы құндылықтары жайында ой бөлісті. Ата-әже туралы өлеңдер оқылып, жүрекжарды тілектер айтылды.
Қарттар – өмір шежіресі, ақылдың кені. Олардың өмірлік тәжірибесі – жас ұрпаққа өнеге.
Қадірлі қарияларымызға ұзақ ғұмыр, амандық тілейміз!

