Жаңалықтар / Қаржылық сауаттылық — жарқын болашақтың кілті!
Қаржылық сауаттылық — жарқын болашақтың кілті!
Мектебімізде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында 10-11 сынып оқушыларына апта бойы «Қаржы сақшысы» компьютерлік ойыны таныстырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қаржылық білімді қызықты әрі тиімді түрде жеткізу.
Сонымен қатар, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қаржылық жоспарлау, есеп айырысу және бюджетті басқару сияқты маңызды дағдыларды меңгерді.
10-11сынып оқушылары арасында қызықты әрі пайдалы “Қаржы сақшасы” ойыны өткізілді.
Ойын барысында балалар ақшаның құнын түсініп, дұрыс жұмсау, үнемдеу және алдау-арбаудан қорғану жолдарын үйренді. Оқушылар логикалық тапсырмаларды орындап, қаржылық сауаттылықтарын көрсетті. Ойын оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, көңіл күй сыйлаған танымдық шара болды.

