Жаңалықтар / Ата заң – мемлекет тірегі
9 сәуір күні №176 орта мектебінің 11 сыныптарда «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы жан-жақты мәлімет беру, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар Конституцияның құрылымы, қабылданған уақыты, негізгі баптары мен бөлімдері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, топтық жұмыстар, ситуациялық тапсырмалар, пікір алмасу арқылы өз ойларын білдіріп, құқықтық білімдерін тереңдетті.
Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтіп, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындады.
Сынып сағаты тәрбиелік және танымдық жағынан жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

