Жаңалықтар / “Қауіпсіз жол” акциясы
“Қауіпсіз жол” акциясы
Мектебімізде оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 22-қазан күні «Қауіпсіз жол» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен акция өтті. Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларды қоғамдық көлікте өзін ұстау мәдениетіне, жол ережелерін сақтауға және қауіпсіздік шараларына баулу.
Іс-шара барысында мектебіміздің жас инспекторлары оқушыларға автобустағы тәртіп ережелері, жолда жүру кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік қағидалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушыларға түсіндірме белгілері бар таратпа қағаздар үлестіріліп, олардың жолда жүру мәдениетін арттыруға бағытталған кеңестер айтылды. Қауіпсіз жол — әр баланың өмір кепілі.
Жолда жүру мәдениеті — әр адамның жауапкершілігі. Жаяу жүргіншілер жолынан өткенде мына ережелерді есте сақта!
Алдымен тоқта!
Жолға шығар алдында алдымен сол жағыңа, содан кейін оң жағына қара.
Арнайы жолақпен өт!
Жолды тек жаяу жүргіншілерге арналған «зебра» сызығының үстімен жүріп өт.
Назарды жолдан аударма.
Телефон пайдаланба, құлаққап киме — көліктің даусын естіп, айналаңды бақыла.
Есіңде болсын: Қауіпсіз жол — сенің өміріңнің кепілі!

