Жаңалықтар / Қауіпсіздік – басты назарда!
Қауіпсіздік – басты назарда!
Қысқы демалыс қарсаңында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектебімізде оқушылармен қауіпсіздік ережелері бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға пиротехникалық бұйымдардың адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны, оларды қолдану кезіндегі қауіп-қатерлер және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбаудың ауыр салдары, өрт шығу қаупі және қыс мезгілінде көшеде мұз, қар, сырғанақта жарақаттану қаупі, жол қауіпсіздігі мен белгіленген жерден өту ережесі, су айдындарының қатқан мұзына шықпау керек екендігі ескертілді.
Қауіпсіздік – басты назарда!
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.

