Жаңалықтар / Қауіпсіздік пен мейірімділік күні
Қауіпсіздік пен мейірімділік күні
Бүгін «Сыр самалы» жазғы лагерінде оқушылар үшін «Қауіпсіздік пен мейірімділік күні» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жолда жүру, су айдындарындағы және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік туралы пайдалы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, мейірімділік пен достық құндылықтарын насихаттауға бағытталған қызықты ойындар мен танымдық жұмыстар өткізілді. Балалар бір-біріне қамқорлық танытып, өзара сыйластық пен достықтың маңызын түсінді.
Жазғы демалыстың әр күні қызықты да мазмұнды өтуде!

