Жаңалықтар / «ҚАЗАҚСТАН ЖҮРЕГІМІЗДІҢ ТӨРІНДЕ» ЭССЕ БАЙҚАУЫ
«ҚАЗАҚСТАН ЖҮРЕГІМІЗДІҢ ТӨРІНДЕ» ЭССЕ БАЙҚАУЫ
№176 орта мектебінде «Қазақстан жүрегіміздің төрінде» тақырыбында 10 «Ә» сыныбында эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ көркем жазу мәдениетін дамыту болды.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Доскеева Өміргүл ұйымдастырды. Оқушылар өз шығармаларында елге, жерге деген махаббаттарын, Қазақстанның тәуелсіздік жетістіктері мен табиғат сұлулығын, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің қадірін көркем тілмен әсерлі жеткізді.
Жас ұрпақтың бойында туған жерге деген мақтаныш пен патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталды.

